"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі" КММ
Ресми интернет-ресурс
Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы демалыс жағдайларын жасау жұмыстары басталды.

Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы демалыс жағдайларын жасау жұмыстары басталды.

10 сәуір күні Имантау-Шалқар курорттық аймағында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және облыс әкімі Ғ. Т. Нұрмұхамбетовтің өкімі аясында жұмыс тобы курорттық аймақтағы туристік нысандарға мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында өткен жылы анықталған заңбұзушылықтарды жою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлік субъектілері алдағы жазғы маусымға демалыс аймақтарын дайындау жұмыстарын бастады.Атап айтқанда, өртке қарсы қалқандарды толықтыру, аумақты тазалау, материалдық-техникалық жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде.Жұмыс тобы бұзушылықтарды толық жою және демалушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында тексеру жұмыстарын жалғастыратын болады.