"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі" КММ
Ресми интернет-ресурс
Терроризмнің алдын алу: жауапкершілік және қолданылатын шаралар

Терроризмнің алдын алу: жауапкершілік және қолданылатын шаралар

ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабына сәйкес объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін меншік иелері, басшылар және өзге де лауазымды адамдар жауапты болады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік айыппұлдар қарастырылған. Жеке немесе лауазымды адамдар үшінайыппұл 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін - 200 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 500 АЕК құрайды.

Егер бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, онда айыппұлдар көбейтіледі. Бұдан басқа, жауапты тұлғаларға қатысты қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру сияқты шара қолданылуы мүмкін. Жұмыс жауапкершілікті арттыруға және террористік қатерлерден қорғауды нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.

2025 жылдың басынан бастап СҚО-да ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша 6 әкімшілік хаттама жасалды. 4 Басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды - бұл 393 200 теңге. Екі хаттама сотта қаралу сатысында.