Дүкеннің ресми ашылу салтанатына Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің директоры, СҚО мәслихатының депутаты Жанахметов Б.Т., Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазбеков Е.Қ. және «Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің» кәсіпкерлік секторының меңгерушісі Б.Балгожиновна қатысты.
"Мал шаруашылығымен ғана шектеліп қоймай, өз өнімдерімізді сатылымға шығарып, кәсіптің шеңберін кеңейтуді шештік. Тұтынушыларға қолжетімді болу үшін сатылымда жылқы, сиыр, қой және тауық еттері бар. Біздегі ет өнімдері тиісті санитарлық нормаларға сай жіті бақыланады, әрі бағалары нарықтағы бағадан сәл төмен. Алдағы уақытта жаңа сауда нүктелерін ашып, ет өнімдерінің сатылым деңгейін одан әрі дамыту жоспарлануда", - деп атап өтті Роза Қазбекова.
Дүкен Еркін Әуелбеков 57 мекен жайында орналасқан.