«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығын орындау үшін бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында «Бірыңғай есеп күнін» өткізу қажет.
«Бірыңғай есеп күні» өтеді 2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 16:00-де мына мекен-жай бойынша: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1 қабат (үлкен зал).
Осыған байланысты, БАҚ-та жоспарланып отырған Есеп күні (сайттарда) туралы ақпараттық жұмыс жүргізу, бейне конференц байланыс арқылы отырысқа қосыла отырып, ШОБ субъектілерінің жергілікті жерлерде (аудан әкімдіктерінде) қатысуын қамтамасыз ету қажет. Петропавл қаласының әкімдігі бизнес субъектілерінің облыс әкімдігі ғимаратына қатысуын қамтамасыз етсін.
Қатысушылар тізімі және орналастыру туралы ақпарат (скринингтер) 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейінгімерзімде«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ-нің атына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жолдансын.