Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Басшы – Махметов Аманбек Ғазизұлы


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығын орындау үшін бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында «Бірыңғай есеп күнін» өткізу қажет.

«Бірыңғай есеп күні» өтеді 2022 жылғы 29 қыркүйек сағат 15:00-де мына мекен-жай бойынша: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1 қабат (үлкен зал).

Бейне конференц байланыс арқылы отырысқа қосыла отырып, ШОБ субъектілерінің жергілікті жерлерде (аудан әкімдіктерінде) қатысуын қамтамасыз ету қажет.


«Tin One Mining» АҚ «Строительство горно-металлургического комбината «Tin One Mining» производительностью 2,5 млн. тонн руды в год. Обогатительная фабрика. Металлургический завод» қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп жобасы бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау 2022 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Володар ауылдық округі, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көш., 44, Айыртау ауданының әкімдігі мекен жайы бойынша өтеді және «Zoom Video Communications» программасы арқылы видеоконференция түрінде өткізіледі (логин: 973 5786 6480, пароль 1b7hc8).

Жергілікті атқарушы орган: «Солтүстік Қазақстан табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Жоспарланған іс-шараның бастамашысы: «Tin One Mining» АҚ, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдық округі, Сырымбет ауылы, Сырымбет өндірістік аймағы.

Құжаттаманы әзірлеуші: «Зеленый мост» ЖШС, тел: 8 /7172/55-62-65, 87472717487.

Ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын эл.пошта: iztleuova@green-bridge.kz

Жоба бойынша құжаттама: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/activities/directions?lang=ru

Бірыңғай экологиялық портал https://ecoportal.kz/Public/PubHearings

Жоба материалдарымен қағаз түрінде келесі мекенжайда танысуға болады: Нұр-Сұлтан қ., Қажымұқан 12 а, 701 офис.

 


 

76,4% — жақтап отыр. Қазақстандықтардың басым бөлігі болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінеді — ҚСЗИ

Үш жыл бұрын Президент мемлекеттің барлық маңызды мәселелері Қазақстан азаматтарының пікірін ескере отырып қана шешілетінін мәлімдеген болатын. Үш аптадан кейін осындай сәт туады — 5 маусымда 27 жыл ішінде алғаш рет жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстандықтар еліміздің Конституциясына енгізілген маңызды түзетулер үшін дауыс беруі керек, олар біздің қоғамды толығымен қайта жандандыруға, жаңа Қазақстанды құруға мүмкіндік береді. Ал қазақстандықтардың өздері түзетулер, референдум идеясы туралы не ойлайды? Бұл маңызды бастамаларды қолдай ма? Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осындай сұрақты қойып, 9-12 мамыр аралығында телефон арқылы әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында институт директоры Еркін Түкімов сауалнама нәтижелерін жариялады. Жалпы, Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстан 1200 респондент сауалнамаға қатысқан.

«Әлеуметтік сауалнамамыздың деректеріне сәйкес, референдумға бүкіл халықтың 66,4%-ы қатысуға ниетті. Естеріңізге сала кетейік, заңнамаға сәйкес, сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысқан кезде референдум өткізілген болып есептеледі. Жалпы, қазақстандықтардың 70%-ы алдағы жалпыұлттық референдум туралы естіген. ҚСЗИ зерттеулерінің нәтижелері көрсеткендей, Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 76,4% қолдайды. Яғни, қазақстандықтардың басым бөлігі болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінеді. Тек 15,4% — референдум идеясын қолдамайды және таңдау туралы шешім қабылдамағандар саны — 8,2%. Соңғы көрсеткіш нәтижеге әсер етпесе де, әрбір 10-шы қазақстандық әлі шешім қабылдамаған дегенді білдіреді. Сондықтан біздің сарапшы ретіндегі міндетіміз реформалардың мәні мен маңыздылығын, жаңа Қазақстанды, жаңа құқықтық мемлекетті құруда референдум өткізудің қажеттігін одан әрі нақты, айқын түсіндіру», — деді модератор сарапшылар кездесуінің мақсатын белгілей отырып.

 

"Рухани Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында "Туған жер" арнайы жобасының "Жомарт жүрек" номинациясы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушылар: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі. Мекен жайы:Саумалкөл ауылы Уалиханов көшесі. Пошта индексі:150100 Саумалкөл ауылы.Уалиханова Электрондық пошта: otd.pred14@mail.ru Байланыс телефоны: 8-715-3321-6-43. 8-715-3322-9-04. Байқау:

Номинацияның атауы

Сипаттамасы

 

1

«Жыл меценаты»

Кіші Отанында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін. (тек жеке тұлғалар үшін)

2

«Туған өлке»

Елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалардың ойын алаңдарын қайта жаңартуға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін (жеке және заңды тұлғалар үшін)

3

«Жыл тұлғасы»

Белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін (тек жеке тұлғалар үшін)

4

«Жылдың үздік ұйымы»

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді іске асыру, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізу және/немесе қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік өткені үшін (тек заңды тұлғалар үшін)

5

«Жылдың үздік қамқоршысы»

Кешенді қайырымдылық қызметі үшін, елеулі әлеуметтік маңызы бар өзгерістер мен қайта құруларға алып келген қайырымдылық көмегі үшін (тек кәсіпкерлік қызмет субъектілері)

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылғы 30 мамырына дейін.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ

Жеке тұлғалар үшін

  1. Өтініш беруші қол қойған "Жомарт жүрек" сыйлығын алуға арналған өтінім (қосымша)
  2. Үміткердің фотосуреті (3х4, JPEG форматы)
  3. Өмірбаяны
  4. Жеке куәлік көшірмесі
  5. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама (меценат бір жыл ішінде жасаған)
  6. Портфолио (презентация түріндегі қайырымдылық қызметінің фотосуреттері)
  7. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмелері (алғыс хаттар, БАҚ материалдары)

Заңды тұлғалар үшін

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім (қосымша)
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі)
  3. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызмет туралы еркін нысандағы ақпараттық хабарлама
  4. Портфолио (қайырымдылық қызметтің (объектілердің, іс-шаралардың ) презентация түріндегі фотосуреттері)
  5. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік маңызы бар қызметті растайтын құжаттардың көшірмелері (алғыс хаттар, БАҚ-тағы материалдар).

Қосымша (ZIP 10 Kb)

Кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
2021-2025 жылдарға арналған
ұлттық жоба шеңберiнде жаңа
бизнес-идеяларды iске асыруға
арналған мемлекеттiк гранттар
қағидаларына 2-қосымша

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны 8 (715) 2 36 13 62

Конкурстың нысанасы: кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: QOLDAU.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер бекiтiлген нысан бойынша электрондық өтiнiм мен конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.

Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi: 2022 жылғы «18» сәуiрден бастап «29» сәуiрге дейiн.

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңiрлiк үйлестiрушiнiң ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=ru.

 

2019-2025 жылдарға арналған Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту жөніндегі кешенді жоспар (ZIP 20 Kb)

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі