«TRASSA.KZ» жанар-жағар май құю станциясы ашылды

Бүгiн, 28 желтоқсанда аудан әкiмi Дархан Әмрин Саумалкөлдегi жаңартылған «Trassa.kz» жанар-жағар май құю станциясында болды.

Бұл нысанның жаңарту жұмыстарына 40 миллионға жуық инвестиция құйылып, заманауи үлгiде жөндеу жүргiзiлген. Жанар-жағар май құю станциясына алдағы уақытта кофе-машина орнатылып, тоңазытқыш қою жоспарланған.

Бұл жол бойындағы минимаркетi және жылы дәретханасы бар қызмет көрсету нысаны қазiргi кезеңнiң талабына сай.

Сондай-ақ, алдағы жоспарда станцияның аумағы кеңейтiлiп, газ құю станциясын да жаңартпақ.

29.12.2020
Қаралым саны: 239
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі