«Адалдық алаңы»: Айыртау ауданында туризмді дамыту туралы

Халқымыздың бірталай ақын-жазушылары мен суреткерлерінің теңдессіз туындыларына арқау болған қасиет тұнған қазақтың киелі даласында өн бойына сұлулық пен сырға толы жазирамыз — Айыртау ауданының ажарлы келбетін бір көру кім-кімге болмасын ғанибет екені рас.

Жомарттығында шек жоқ Табиғат-Ананың тартуының барлығы да осы Айыртауымыздың жылы төсінен орын теуіп, ерекше бір сән-салтанатпен caп түзей орналаса қалуы да, сұлуларды тудыруда табиғаттан асқан шебер жоқ екенін дәлелдейді.

Құшағын жая жалпағынан орналасқан даламыздың бауырына қазақтың биік мәртебесінің көрінісіндей болған таулары мен көңілінің мөлдірлігіндей тұнық көлдері, мейірім мен жұмсақтыққа толы жүрегінің айнасындай жайқалған орманы мен адам жанына сая болатын тау суындай таза, мөлдір көлдері үйлесе сыйып кеткендей. Айыртау ауданында туризм әлеуеті зор. Ауданда 30-ға жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар, олардың ішінде республикалық маңыздағы экскурсиялық нысандар — Қарасай мен Ағынтай батырларының мемориалдық кешені, неолит дәуірінің тамаша ескерткіші, ЮНЕСКО нысандарының тізіміне қосылған ежелгі Ботай қонысы, Айғаным қонысы мен Ш. Уәлихановтың мұражайы аймақтың киелі картасына енгізілген.

Айыртау ауданының көркем табиғаты көрген көздің жауын алады, қалың ну ормандарына, аты аңызға айналған таулары мен көгілдір көлдеріне қарап еріксіз тамсанасыз.

Ауданда тәулігіне 3100 турист қабылдай алатын 40 туризм нысаны жұмыс істейді. Туризм саласы мынадай бағыттар бойынша дамуда: мәдени-тарихи, емдеу-сауықтыру, спорттық, аңшылық және балық аулау туризмі.

2019 жылы екі жоба іске асырылды — «Изумрудное» демалыс аймағы және «Дом у озера». Ағымдағы жылы Конституция күні қарсаңында «Адель» және «Тихая заводь» демалыс орталықтары ашылды. «Орлиная гора» және «Солнечный ВИП» демалыс аймақтары кеңейтілу жоспарлануда, «Шалқар Су» санаторийі қайта жаңғыртылуда. Барлык, осы де­малыс аймақтары жыл бойы туристерді қабылдауға арналған

Көлік қолжетімділігін жақсарту үшін «Нұр-Сұлтан-Көкшетау-Володарское» қатынасында жазғы уақытқа жылдам электр пойызы іске қосылды.

Біздің бөліммен Айыртау ауданының ресми туризм сайты әзірленді, онда ауданның барлық туристік орындары туралы ақпараттық материалдар орналастырылады; сонымен қатар Фейсбук, Инстаграм және ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және БАҚ-та жарияланымдар жүргізілуде.

Туристік маусым кезеңінде біздің ауданға «Ай тревел» ЖІІІС, «КІТО», «National Geographic» ЖІІІС туроператорлары, Түменнен келген турооператорлар, «НОМАД» саяхатшылар клубының мүшелері, сондай-ақ «Хабар 24 KZ», «Қазақстан», «ТуранТВ», «Қазақ ТВ» телеарналарының журналистері, Президенттің телерадиокешені келді.

Қазіргі уақытта «Көкшетау» МҰТП бас жоспарға түзетулер енгізілуде, оған сәйкес әлеуетті инвесторларға ұсынылатын қосымша бос жер учаскелері анықталды. Сондай-ақ, «Көкшетау» МҰТП құтқару-модульдік станцияларын салу үшін жер учаскелерін бөлу бойында конкурстық рәсімдер өткізді.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019- 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Имантау-ІІІалқар курорттық аймағын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Онда Айыртау ауданының туристік саласын дамыту бойын­ша 10 бағыт бойынша 60 нақты іс-шара қарастырылған.

Бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 4 жоба несиелеу жоспарлануда: «ІІІалқар Су» шипажайы — 350,0 млн.тг., «Қазығұрт» — 70,0 млн тг., «Garden village—140,0 млн .тг. және «Имантау» — 50,0 млн.тг. Құрылыс жұмыстары келесі демалыс аймақтарында жүргізілуде: «Имантау», Жемчужина», «Қазығұрт», «AytaS», «Imantau Marine Club», «Тұрпан», «Солнечное Вип», «Саби­на», «Бастау».

2019 жылы 92 шақырым автомобиль жолдарын жөндеуге 3,7 млрд. теңге бөлінді, бұл көлік инфрақұрылымын және туристік объектілерге қолжетімділікті едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде «Солнечный ВИП» демалыс аймағына кіре беріс - 3,2 км автомо­биль жолына жөндеу жүргізілді, Айыртау ауылынан «Шалқар Су» санаторийіне дейінгі 6 шақырым, Лобаново-Заря-Альжанка ауылынан Зеренді ауданының шекарасына дейінгі 10,7 шақырым жолды жөндеу жүргізілді. Барлық жолдар кешенді даму жоспарына енгізілді және аудандық маңызы бар жолдар тізіліміне енгізілді.

Көрсеткіштер, ақпараттық стенд, стела, билборд орнатуға бюджеттік қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта эскиздік жобалар дайындалып, жер телімдерін рәсімдеу жүргізілуде.

Демалыс аймақтарын ұялы байланыспен қамту үшін бүгінгі күні Айыртау, Шалқар, Имантау ауылдарында ұялы байланыс мұнаралары орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін жабдық орнатылады деп күтілуде.

ТКШ бөлімімен ИШКА-на қосылған 5 автомобиль жолына ЖСҚ әзірленуде. Қазіргі уақытта «Дормостпроект» ЖШС-мен (Петропавл қ.) автомобиль жолда­рын жөндеу үшін ЖСҚ әзірлеуге келесі бағытгар бойынша шарттар жасалды.

  1. Никольское ауылының кіре беріс 1,5 шақырым жолын қайта жаңарту.
  2. Имантау ауылынан көлге дейін 0,8 шақырым автомобиль жолының құрылысы.
  3. Имантау ауылының облыстық жолынан Өнеркәсіптік комбинатқа дейін (Имантау ауылдық округінің аумағында) 1,9 шақырым автомобиль жолының құрылысы.
  4. «Шалқар Су» шипажайы бұрылысынан «Сокол» балалар сауықтыру лагеріне дейінгі 2,3 шақырым жолды қайта жаңарту.
  5. Никольск ауылының «Ботай» тарихи-мәдени мұражай-қорығына дейінгі 2,3 км жолын салу.

Сонымен қатар, Саумалкөл көлін сауықтырудың пилоттық жобасы бойынша БҰҰДБ су ресурстары жөніндегі сараптамалық комиссия өкілдерімен жұмыс жүргізілуде. Бұл мәселе оң шешілген жағдайда шамамен 150 мың доллар инвестиция күтудеміз. Өткен жылы Саумалкөл көлінде «Ильин» ЖК 4,5 млн теңгеге 3,5 млн пелядь шабағы іске қосылды.

Қорытындылай келе, Имантау-ІІІалқар курорттық аймағының кешенді жоспарын іске асыру аудан экономикасының дамуына, туризмнің жаңа нысандарының ашылуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және Солтүстік Қазақстан облысының туристік индустриясының артуына септігін тигізетінін атап өткім келеді.

Аманбек Махметов,
Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік
және туризм бөлімінің басшысы

14.09.2020
Қаралым саны: 220
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі