Балық аулау да кәсiптiң бiр түрi

Наурыз Имантау көлiнде салауатты өмiр салтын насихаттау мақсатында дәстүрлi түрде қысқы балық аулаудан аудандық деңгейде ашық жарыс өттi. Балық аулау –кейбiреулерге құр ермек, бос уақытын қызықты өткiзу ғана болып табылса, кейбiреулерге табыс көзi болып, кәсiби айналысады. Қайткенмен де, осы күнi алғашқы қармағын лақтырғандар мен кәсiби айналысатын балықшылар мен қатар, қызығушылық танытып, жанкүйер болып келгендердiң де қарасы көп болды. Ресми салтанатты ашылуы болғаннан кейiн, 45 балықшы 9 топқа бөлiнiп жарысты бастап кеттi.

Бiр мезгiл балықшыларға көз тастасам, әр қайсысы ауа-райына қолайлы қылып ықшам киiнiп, алуан түрлi қармақтар, мұзды тесуге арналған қол бұрғыдан бастап, электр көзiмен тесетiн бұрғыға дейiн, өздерi нәр татпаса да, балықтарды жемдеуге әкелген жемдер, әкелген құрттары тоңып қалмас үшiн iстелген арнайы қораптарға дейiн бар екен. Балықшыларымыз тiптi бiр балық аулауға емес, балықпен соғысқа дайындалып келгендей сақадай сай.

Көздi ашып-жұмғанша, 3 сағатқа созылған жарыс мәресiне де жеттi. Алуан түрлi балықтарды аулаған балықшыларымызға табиғат аясында балықтан жасалған ыстық балық сорпасы ұсынылды. Әрине жарыс болған соң қорытынды жасалып, жеңiмпаздар марапатталды. Балықшылармен өткiген бiр күнде менiң байқағаным, қаншама әрiптестерiмен әңгiмелесiп, жинаған тәжiрибелерiмен алмасып, әр қайсысы кем деген де қалыңдығы 1 метр болатын 7-8 балық аулайтын шұңқырды қол бұрғысымен ойып, табиғат аясында майлы қарағайдың таза ауасын жұтып, тәбеттерi ашылып, жаңа ғана пiскен балық сорпасын iшкеннiң өзi бiр ғанибет пе дедiм.

05.11.2019
Қаралым саны: 477
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі