«Дом у озера» қонақтарды қарсы алады

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай Имантау көлiнiң жанында «Дом у озера» демалыс базасы салтанатты ашылды.

Айыртау ауданының туризмдi дамытудағы әлеуетi зор. Ауданда 30-ғa жуық, тарихи және мәдени ескерткiштер бар.

Айыртау ауданының көркем табиғаты көрген көздiң жауын алады, қалың ну ормандарына, аты аңызға айналған таулары мен көгiлдip көлдерiне қарап epiкciз тамсанасың.

Имантау ауылының тумасы, жеке кәciпкep Игорь Жанабаев осы жылы бос тұрған ғимаратты сатып алып, өз қаржысымен туристерге арналған демалыс базасын салып шықты.

Демалыс базасының ашылу салтанатында аудан әкiмi, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының төрағасы Бейбiт Исманов Игорь Мұратұлын жаңа туризм нысанын пайдалануға 6epiлyiмeн құттыктап, Айыртау ауданының әлеуметтiк-экономикалык дамуына зор үлес қосқаны үшiн және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiк күнiнiң 28 жылдығын мерекелеу қарсаңында Алғыс хатпен марапатталды.

Бейбiт Қайыркешұлы қазiргi уақытта бiздiң ауданда 39 туризм нысаны өз қызметiн жүргiзетiнiн атап өттi. Бiрақ қазiр туристерге жайлылығы жоғары, жыл бойы қызмет көрсететiн демалыс базалары қажет. Туризмдi дамыту аудан экономикасының өcyiнe ықпал етедi. Алдағы 5 жылда осы салаға шамамен 23 миллиард теңге инвести­ция тарту жоспарланып отырғанын атап кеттi. Сөз соңында аудан әкiмi Игорь Жанабаевқа cәттiлiк және ту­ризм саласындағы бизнестi одан әpi дамытуға тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Өз кезегiнде кәciпкep жергiлiктi аткарушы билiкке, оның жобасын колдағаны үшiн алғысын бiлдiрдi, демалыс базасы ауылдың жақсы дамуына, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететiнiн айтты.

Жаңа демалыс базасының таспасы кесiлiсiмен аудан әкiмi мен қонақтар жаңа туризм нысанының сыртқы және iшкi жабдықтарымен танысты.

Eкi қабатты ғимараттың бiрiншi қабатында асхана бөлмесi орналасса, екiншi қабатында — eкi жене үш орындық жатын бөлмелер.

Осы күнi жаңа нысандардың ашы­лу салтанатында аудан басшысы халық игiлiгiне берiлiп отырған туристiк нысанның мемлекеттiк қасиеттi мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiне жасалып отырған тарту екенiн атап өттi.

Коттедждi брондау үшiн сiздерге 87781093973, 87013341804 байланыс телефондарын ұсынамыз.

19.12.2019
Қаралым саны: 382
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі