Aрманға апарар жол – Каприз

30 тамыз күнi аудан орталығы Саумалкөлде бағасы арзандатылып сатылатын киiм мен үйге қажеттi заттар сататын «Каприз» дүкенi ашылды.

Бiздiң кейiпкерлерiмiз, Павел мен Екатерина Гульновтар мақсатқа шыңдап талпынса алынбайтын асу болмайтынының жарқын мысалы. Қазiргi кезде өмiр сүрiп жатқан азаматтарының өмiрiнен айырмашылығы жоқ: мектеп, университет, жұмыс, неке. Бiрақ Екатеринаның өз бизнесiн құру туралы арманы болған. Өз дүкенi болғанын кiшкентай кезiнен армандайтын, дүкенiн қандай болатынын, қандай заттар сататынын көзiне елестететiн. Отағасы жұбайының арманын iске асыру барысында үш жыл бұрын дүкеннiң жобасын салып, iргетасын құяды. Үш жыл бойы тапқан-таянған ақшаларын осы дүкеннiң құрылысына салады. Төккен тер мен кеткен еңбектiң жемiсi, бүгiнгi таңда «Каприз» атауымен дүкен ашылып отыр. Дүкеннiң сыртынан қарағанда шағын ғана болғанымен, iшi кең. Әр отбасы мүшесiне ең қажеттi деген киiмдерден бастап, үй iшiне қажеттi жуғыш құрал-жабдықтарды кездестiресiн. Бағасы да қалтаны қақпайды.

«Менiң еркелiгiмдi көтерiп, арманымды орындаймын деп, жолдасым үш жыл бойы тынымсыз еңбек eттi. Сол үшiн де, дүкеннiң атын Каприз деп қойдым», - дейдi дүкен иeci Ека¬терина.

Дүкеннiң ашылу салтанатына ауданның туризм және кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы Аманбек Махметов жас кәсiкерлерге бастамаларына табыс, iстерiнiң алға басуына тiлектестiк бiлдiрдi. «Барлық үлкен кәсiпкерлер бiрден табысқа жетпеген. Басында кiшкентай icтен бастап, табандылықтың арқасында үлкен жетiстiктерге жеткен. Сiздердiң де армандарыңызды орындау мақсатындағы бастамаларыңыздың алғашкы қадамы болып отыр. Алдағы уақытта, тарығып қалмайтын жомарт сатып алушылар тiлеймiн», - дедi. Сонымен қатар құттыктап келушiлер қатарында отбасының анасы мен туған-туыстары болды. Кейiпкерлерiмiздiң анасы Валентина Павловна мен әпкесi Любовь Павловналар да өздерiнiң ақжарма тiлектерiн бiлдiрдi. Екi апалы-сiнлiлi де өмip жолдарын сатушылыққа арнаған. Сондықтан саудаға жақындық бұл отбасына қанмен дарыған. Ал бiз, өз тарапымыздан жас кәсiпкерлiккe алған бағыттарыңыздан таймай, шағын дүкен үлкен кәсiпке айналсын деген тiлек бiлдiремiз.

Екатерина Волошина

01.09.2020
Қаралым саны: 234
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі