Имантау-Шалқар курорттық аймағына қызығушылық артуда

26 қыркүйек күнi Айыртау ауданына Ресей Федерациясы Түмен облысынан ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргiзу, екi ел арасында туристiк саланы қарқынды дамыту мақсатында туристiк фирма өкiлдерiнен құралған топ iс-сапармен келдi.

Iс-сапар аясында «Орлиная гора» аңшылық үйi, Айғаным қонысы, Қарасай-Ағынтай батырларына арналған мемориалдық кешенi, «Солнечное Вип», «Дом у озера», «Адель», «Изумрудное» дем алу орталықтарында болып, атқарылған жұмыс барысымен таныстырылды.

Жұмыс соңында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Чайка» балаларды сауықтыру лагерi мен «Олимпиец» сауықтыру және қалпына қайта келтiру орталығының өкiлдерi балалардың дем алуы қалай ұйымдастырылғаны бойынша ақпарат бердi.

Дөңгелек үстелге қатысушылар туризм саласын әрi қарай қалай дамытуға болатынын тiлге тиек ете отырып, өздерiнiң ой-пiкiрлерiмен бөлiсiп, жинаған тәжiрибелерiмен алмасты. Осындай кездесулер Имантау-Шалқар курорттық аймағының аясын кеңейтуге зор мүмкiндiк ашады.

11.10.2019
Қаралым саны: 531
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі