- Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 17 сәуiрдегi №97 Қаулысына сәйкес аудан аумағында барлығы 46 суға шомылатын және демалатын орын анықталды (Шалқар көлi 28 шомылу және демалу орны, Имантау көлi — 12 шомылу және демалу орны, Белое көлi — 1 шомылу орны және Жақсы-Жанғыстау көлi — 1 шомылу орны, Айыртавчик көлi — 4).
Демалыс базаларындағы туризм объектiлерiнде тиесiлiк нормаларына сәйкес 40%-ға жабдықталған құтқару бекеттерi бар, сондай-ақ көрнекi үгiт-насихат бар. - Ауылдық округ әкiмдерi су айдындарының демалу және шомылу үшiн жабдықталмаған учаскелерiнде «Шомылуға тыйым салынады» деген тыйым салу белгiлерiн орнату бойынша жұмыстар жүргiздi. Белгiлер 5 ауылдық округте орнатылған: Имантау көлi — Имантау а., Константиновка а. Жақсыжаңғыстау көлi. Құспек көлi, Константиновка ауылының тоғаны, Бабық-Бұрлық өзенi, Арықбалық а. — Имантау көлi., Гусаковка а. Бабық-Бұрлық өзенi, Казанка а. Иман-Бұрлық өзенi.
- "СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ ЖҚЖ қызметкерлерi 2020 жылғы 28-30 мамыр аралығында Имантау, Шалқар, Айыртау көлiндегi жағажай акваторияларын зерттеп, орындалған жұмыстар актiсiн жасады.
- Аудандық полиция бөлiмiнiң қызметкерлерi Шалқар және Имантау көлдерiнде ҚР ӘҚБтК-нiң 364-бабы бойынша рейдтiк iс-шаралар өткiзуде.
- Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң қызметкерлерi және аудандық полиция бөлiмiнiң қызметкерлерi Шалқар және Имантау көлдерiнiң жағасындағы судағы қауiпсiздiк бойынша рейдтiк iс-шаралар өткiзуде. Бүгiнгi күнi 500-ден астам адамды қамтитын 14 рейд жүргiзiлдi.Бұқаралық ақпарат құралдарында Айыртау таңы аудандық газетiнiң беттерiнде, СҚО ТЖД сайтында, әкiмдiктiң сайтында 14 мақала жарияланды.
- 20.05.2020 жылы аудан әкiмдiгi жанындағы аудан су айдындарында азаматтардың қауiпсiздiк ережелерiн сақтау және су айдындарында азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ЖАО мен ұйымдар қабылдайтын шаралар бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның отырысы өткiзiлдi.
- Суға шомылу маусымы басталғанға дейiн құрылған құтқару бекеттерiнiң 62 адамын су айдындарындағы жаппай демалу орындарына және су айдындарының бақыланбайтын учаскелерiне тарту үшiн қоғамдық құтқарушыларды оқыту ұйымдастырылды.
02.06.2020
Қаралым саны: 235
Қаралым саны: 235