Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов облысымызда туризм саласының дамуын назардан тыс қалдырмайды. 5 маусым жұмыс сапарымен Айыртау ауданына келгенде де, Шалқар-Су шипажайының күрделi жөндеу жұмыстарының барысымен және «Изумрудное» демалыс орталығының жұмысымен танысты. Бiр жылдың аясында екi қабатты жатын корпусы, екi қабатты екi коттеджi, үш үй, балалар ойнайтын алаң, екi монша салынып, жалпы саны бiр уақытта 80 туристi қысы- жазы қабылдай алатын демалыс орталығы бой түзедi. Туристер жаз айларында тұзды, таза Шалқар көлiнде шомылып, майлы қарағайлы және бой түзеген ақ қайың ағаштарымен аралас ну орманда серуендей алса, қыс мезгiлiнде аэрошаңғымен жүру, шаңғы тебу демалыс түрлерi қарастырылған.
Жұмыс сапарында облыс әкiмi Құмар Iргебайұлы, «Изумрудное» демалыс орталығының басшысы Александр Вороновқа атқарылып жатқан жұмыстарына оң баға берiп, қарқынды дамуына барлық жағдайды жасайтынын жеткiздi.
Қаралым саны: 654