КМҚК «Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы»

КМҚК «Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы»

Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында орналасқан және мәдени-ағарту кәсiпорын болып табылады.

Мұражайдың негiзгi мақсаты — Ш.Ш. Уәлихановтың өмiрi мен қызметiн насихаттау, адамдарға құнды тарихи ақпарат беру, ұлы ғалымның өмiрлiк жолы, оның жолдастары мен әрiптестерi, туыстары жайлы жаңа мағлұматтар жинау, оның көптеген ғылыми еңбектерiн, саяхаттарды жайлы жолжазбалары мен күнделiктерiн одан әрi терең зерттей түсу.

Мұражай 1985 жылы 17-шi қарашада Шоқан Уәлихановтың 150 жылға толуына арналып ашылды. Бiрiншi зал Шоқанның балалық шағына арналған және Уәли ұрпақтарының шежiресi көрсетiлген. Екiншi зал Шоқан Уәлихановтың Омбы кадет корпусындағы оқыған жылдарына арналған, алғашқы саяхаттары экспозицияларда бейнеленген. Үшiншi зал атақты саяхатшы даңқын берген, Қашқария сапарына арналады. Төртiншi зал бiздiң өлкенiң көрнектi адамдарына арналған. Бесiншi зал «Өнер галереясы». Алтыншы залда киiз үйдiң iшкi жабдықтары көрсетiлген.

Ш.Ш. Уәлиханов атындығы мұражай 1929 жылы салынған ескi бiр қабатты ғимаратта орналасқан. Кешеннiң жалпы көлемi — 5693 ш. м. Мұражай қазiргi заманғы дизайнды еске отырып қайта жаңғырды, жабдықтар мұражай талабына сайкес келедi.

Мұражай Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бекiтiлген жылдық жоспары бойынша жұмыс iстейдi.

11.12.2019
Қаралым саны: 555
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі