Ұлтымыздың брендiне айналған ұттық сусынымыз — қымызды насихаттау мақсатында Петропавл қаласында 17 тамыз дәстүрлi қымыз фестивалi өттi. Бұл iс-шараға облысымыздың барлық аудандары да ат салысып, көршi Ресей Федерациясынан да туристер қатысып қадiрлi қонағы болды. Фестиваль аясында карнавалды шеру, мейрамханалар арасында «ет асудан» сайыс ұйымдастырылды, жиналған қауымға көркемөнерпаздық концерттiк бағдарламасы ұсынылып, лотерея билеттерi ойнатылды. Лотереяда бас жүлдеге жылқы қойылғандықтан ойын өте тартымды өттi.
Шараның негiзгi мақсаты — ұлттық құндылығымыз, ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан қымыз сусынын насихаттау, өңiрiмiзге қонақтарды шақыра отырып, туристiк әлеуетiн арттыру болып табылады.
Бұл iс-шараның өтуi облыс әкiмдiгi, облыс кәсiпкерлiк және туризм басқармасы мен «Қызылжар жастары» қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастырылумен өттi.
Айыртау ауданы фестивалдiң қорытындысы бойынша 1-шi орынға иелендi. Қымыз сусынын бiрнеше түрлерiн Бiрлестiк ауылының «Әлен» ЖК қонақтарға тарту еттi. «Әлен» ЖК-не рахмет айтып, еңбектерiңiз жемiстi болып, алға қойған мақсаттарыңызға жетулерiңiзге тiлектеспiз!
Қаралым саны: 475