Саумалкөл ауылында «Ақтоқты» қонақ үйiнiң жаңғыртуы

1 наурыз күнi «Ақтоқты» қонақ үй кешенiнiң таныстырылу рәсiмi өттi. Қонақ үйдiң бiрiншi қабатының сол жағында шағын бар мен мейрамхана болса, оң жағында жалға берiлетiн офистiк бөлмелер жайластырылған. Ал ғимараттың екiншi қабатында қонақ бөлмелер. «Айыртау Кэпитал Менеджмент» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң басшысы Нұрдос Оспаналиев: «бұрын бiзде жуынатын бөлмелерi бар үш бөлме болған. Ендi бiз ванна бөлмелерiн жабдықтау үшiн бөлмелердi бiрiктiру арқылы бастапқы нөмiрлердiң санын азайттық. Онда қабырғалардың арасын ашып, қазiр бiзде жуынатын бөлмелерi бар 10 бөлме бар. Төрт бiр орынды эконом-класстағы бөлмелер бар», — деп бөлiстi қонақ үй кешенiнiң жаңа иесi.

01.04.2022
Қаралым саны: 122
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі