Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң (iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) тiзiлiмiне енгiзу үшiн өтiнiмдердi қабылдау туралы хабарландыру

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң (iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) тiзiлiмiне енгiзу үшiн өтiнiмдер қабылдауды жариялайды.

Өтiнiмдердi қабылдау басқарманың интернет–ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 28 қазандағы № 733 қаулысымен бекiтiлген әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларына (бұдан әрi — қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға оны тiзiлiмге енгiзу мақсатында арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiзiлiмге енгiзу туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетiлген құжаттар, оған сәйкес жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға оны тiзiлiмге енгiзу үшiн өтiнiш жасайтын санатқа қарай;

3) өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi адамының өтiнiшке қол қою құқығын куәландыратын сенiмхаты (өтiнiш берушiнiң сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн өкiлi құжаттарды берген жағдайда).

Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтiк кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзiлiмiне енгiзу үшiн құжаттар 2022 жылғы 01 наурыздан 2022 жылғы 15 наурызға дейiн жұмыс күндерi СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 522 каб. бойынша қабылданады. Электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz.

Анықтама телефоны: 8 (7152) 36-13-62.

23.02.2022
Қаралым саны: 99
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі