Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ
Орналасқан жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
электрондық пошта мекенжайы: Uiir@sqo.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (7152) 501650
Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 5 қабат, 521 кабинет
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға жеке өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiм және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2020 жылғы «5» тамыздан бастап 2020 жылғы «14» тамызға қоса алғанда, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)
Өтiнiмдердi берудiң басталатын күнi мен уақыты: 2020 жылғы «5» тамыз сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен)
Өтiнiмдердi берудiң аяқталатын күнi мен уақыты: 2020 жылғы «14» тамыз сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)
Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=kk сайтында танысуға болады.
Гранттық қаржыландыру шарттары:
- Бiр кәсiпкер үшiн мемлекеттiк грант сомасы 2 (екi) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейiн құрайды;
- Мыналар:
1) берiлетiн мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде оны iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң, оның iшiнде
бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшiн мiндеттi емес) бiрлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсiпкердiң бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны iске асыру үшiн жеткiлiктi инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған бизнес-жобаның мiндеттi шарттары болып табылады.
- ескiру мерзiмi 2 (екi) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекiтiлген Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Қаралым саны: 204