Конкурс өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

электрондық поштасы: Uiir@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны 87152361362

Конкурстың нысанасы: «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Байқау түрi: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы (dkb.qoldau.kz).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжай бойынша жеке өзi, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiмдi және конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2021 ж. «22» ақпаннан бастап 2021 ж. «19» наурзызға дейiн жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi берудiң басталу күнi мен уақыты: 2021 ж. «22» ақпан сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi берудiң аяқталу күнi мен уақыты: 2021 ж. «19» наурыз сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылданбайды.

Қосымша (ZIP 80 Kb)

18.02.2021
Қаралым саны: 178
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі