Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ
Орналасқан жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;
электрондық поштасы: Uiir@sqo.gov.kz;
байланыс телефоны 87152361362
Конкурстың нысанасы: «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жас кәсiпкерлерге (29 жасқа дейiн (қоса алғанда) (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.
Байқау түрi: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы (dkb.qoldau.kz).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер электрондық нысанда «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiмдi және конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2021 ж. «10» тамыздан бастап 2021 ж. «03» қыркүйекке дейiн жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).
Өтiнiмдердi берудiң басталу күнi мен уақыты: 2021 ж. «10» тамыз сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).
Өтiнiмдердi берудiң аяқталу күнi мен уақыты: 2021 ж. «03» қыркүйек сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).
Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылданбайды.
Қаралым саны: 139