«Nomad Explorer» саяхатшылар клубының мүшелерiмен болған бiр күн

Кең байтақ елiмiздiң тарихи-мәдени асыл мұрасын насихаттау, зерттеу, туризм саласының әлеуетiн арттыру мақсатында 23 қазан күнi Марғұлан Сейсембаев пен Арман Шураев жетекшiлiк еткен «Nomad Explorer» саяхатшылар клубының бiр топ мүшелерi ауданымызға аттың басын бұрды.

Алғашқы болып танысқан нысана — алты Алашқа аты мәлiм, қазақ халқының сүйiктi әншi-композиторы, «Балқадиша» әнiмен елiмiздi әлдилеген, әйгiлi жерлесiмiз Ақан серi Қорамсаұлына арналған ескерткiш болды.

Ескерткiш басында бабамызға тағзым етiлiп, дамылдап алғаннан кейiн, келесi аралап танысқан Сырымбет бөктерiнiң қасында орналасқан Айғаным қонысы мен Сырымбет ауылында туып, балалық шағы өткен Ш. Уәлихановтың атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы болды.

Бұл нысандарда сол кездегi тарихқа үңiлiп, құнды жәдiгерлермен танысты. Мұражай директоры Нұргүл Кұлбаеваның бала Шоқаннан қоғам қайраткерi Шоқанға дейiнгi әсерлi әңгiмесiн тыңдаған экспедиция мүшелерi өздерiн бiр сәт саяхатшы Шоқандай сезiнiп, рухани азық ала алды.

Өкiнiшке орай, уақыт тапшы, күн батып, кеш болған соң экспедиция мүшелерi тарих пен сырға толы ауданымызды толық аралай алмады, бiрақ мiндеттi түрде тағы келетiнiн жеткiздi.

 

29.10.2019
Қаралым саны: 415
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі