14 маусым Шалқар көлiнiң жағалауында дәстүрлi түрде облыстық деңгейде «Туристiк маусым-2019» ашылуы салтанатты түрде өттi.
Салтанатты шараға Ресей Федерациясының туристiк операторлары, Петропавл қаласы мен Солтүстiк Қазақстан облысы аудандарынан келген қонақтардың легi көп болды.
Салтанатты жиынды облыс әкiмi Құмар Iргебайұлының құттықтау сөзiмен ашқан облыс әкiмiнiнiң орынбасары Дәурен Жандарбекұлы Имантау-Шалқар курорттық аймағының даму жоспарына тоқталып өтсе, Айыртау ауданының әкiмi Бейбiт Қайыркешүлы туристiк нысандары ауданымыздың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан үлестерiн саралап, әр-түрлi номинацияда диплом табыс еттi. Атап айтар болсақ, «Балалар туризмiн дамытудағы ең үздiк жоба» номинациясында «Олимпиец» сауықтыру — қалпына келтiру орталығы, «Туризм саласындағы үздiк инновациялық жоба» номинациясында «Изумрудное» демалыс орталығы, «Ең тәжiребелi туристiк жоба» номинациясында «Ақбар» туристiк кешенi марапатталды.
Ресми ашылуы болғаннан кейiн, келген қонақтарға қолөнершiлердiң көрмесi, спорттық алаңдарда тартымды жарыстар, облыстық және аудандық көркемөнерпаздардың ұйымдастырылуымен концерттiк бағдарлама ұсынылса, кешкiлiк дискотека мен от шашумен жалғасын тапты.
Қаралым саны: 514