Аң аулау маусымы ашылады

Аңшылар үшiн көптен күткен аң аулау маусымы тағы да ашылады. Аң аулау ережелерiне сәйкес, биылғы жылы 2020 жылдың 5 қыркүйегiнен 30 қарашасына дейiн таңертеңгi таңнан бастап суда жүзетiн құстарға, аң аулау ережелерiнде белгiленген мерзiмде жануарлардың қалған түрлерiне әуесқойлық (спорттық) аң аулауға рұқсат етiледi.

Қазiргi маусымның аң аулау мерзiмi:

  • бөдене мен көгершiндерге — 20 тамыздан 30 қарашаға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы құстармен бөдене үшiн аң аулау — 15 шiлдеден ұшуға дейiн);
  • қаздарға, үйректерге (ҚР Қызыл кiтабына енгiзiлген түрлерден басқа), қасқалдаққа — 5 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн;
  • кекешке — 5 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы құстармен — 15 тамыздан бастап);
  • қара құрға — 5 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн;
  • борсыққа — 5 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейiн;
  • бұланға, қабанға, маралға — 5 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн;
  • Сiбiр елiгiне — 20 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн (еркектерге — 1 тамыздан бастап);
  • түлкi, қарсақ, қоян, енот тәрiздi ит — 1 қарашадан 2021 жылдың 15 ақпанға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы жыртқыш құстармен қарсак, түлкi және қоян — 15 қазаннан бастап); ондатраға — 1 қазаннан 15 қазанға дейiн
  • құмсалғышқа — 1 шiлдеден 30 қарашаға дейiн;
  • суырға — 15 маусымнан бастап жатғанға дейiн;

Солтүстiк Қазақстан облысында 37 аңшылық шаруашылығы бекiтiлген, олардың аумағында аң аулау жүзеге асырылады. Облыс аумағында әуесқойлық аң аулаудың ең көп таралған түрi күзгi маусымда қаздар мен үйректердi аулау болып табылады. Жолдамаларды сатып алу және олардың құны мәселесi бойынша аңшылар аңшылық шаруашылығы субъектiлерiне жүгiнуi қажет.

Тұяқты жануарларды аулау тиiстi аңшылық шаруашылығы субъектiсi қорықшыларының қатысуымен жүргiзiлетiнiн еске салғым келедi. Аң аулауды ұнататындарға аң аулау ережелерiн сақтауды және экологиялық заңнаманы бұзбауды ұсынамыз. Сондай-ақ аңшылардан тек заңды ғана емес, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн де сақтауды сұраймыз. Ауа-райының қолайсыз жағдайында сөндiрiлмеген темекi немесе от өртке әкелуi мүмкiн, онда тек өсiмдiк қана емес, сонымен қатар жануарлар әлемi де зардап шегедi!

Б. Жұмағалиев
«Солтүстiк Қазақстан облыстық
орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесi аумақтық инспекциясы» РММ

05.08.2020
Қаралым саны: 208
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі