- туристiк объектiлерге жалпы жобалық сыйымдылығына сәйкес туристердi қабылдауға рұқсат етiлсiн.
- қоғамдық тамақтану орындарының толтырылуы және бiр мезгiлде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтан құралуы тиiс.
- барлық демалыс аймақтары барлық жаңадан келген демалушыларға сауалнама жүргiзудi қамтамасыз етсiн және күн сайын сағат 18-00-ге дейiн Айыртау ауданының кәсiпкерлiк және туризм бөлiмiне деректерiн ұсынсын (тел.: 22904; 21861) (сауалнама қоса берiледi).
- демалушылардың температурасын өлшеу, қандай мерзiмге және қандай з/о баратындығын анықтау үшiн ерiктiлер, ауылдық округтер (БӨП-1, БӨП-2) мамандары қатарынан екi Шалқар көлiнде санитарлық бекет және Имантау көлiнде бiр санитарлық бекет ("Боровушка" д/а) ұйымдастырылсын.
- кереует-орынды қосымша кереует пен шатыр орнату арқылы ұлғайтуға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
- демалушыларды демалыс аймақтары демалушылар арасында кемiнде 1,5-2 метр қашықтықты сақтай отырып, қатаң түрде бөлiнген жағажай аймағына орналастыруға мiндеттi. /Жағажайдағы таңбалардың түрлерiн (жалаушалар, шеңберлер, таспалар, шағылыстыратын таспалар және т.б.) қарастыру.
- Кәсiпкерлiк және туризм бөлiмi, Айыртау ауданының ТЖБ, «Көкшетау» МҰТП және СЭС өкiлдерiмен бiрлесiп карантиндiк шараларды күшейту кезiнде демалыс аймақтарына қойылатын барлық талаптарды түсiндiру бойынша барлық демалыс аймақтарына шығуды ұйымдастырсын және демалушылар жүктемесiнiң рұқсат етiлген нормалары бойынша ұсынымдар берсiн. (жадынамалар тарату).
- мониторинг тобы Айыртау ауданында карантиндiк шараларды күшейту кезiнде iс-қимыл алгоритмiн бұзуға жол бермеу бойынша тұрақты негiзде мониторинг жүргiзедi.
05.07.2020
Қаралым саны: 279
Қаралым саны: 279