Туристердiң алғашқы ұйымдастырылған тобы

17-19 желтоқсан аралығында Имантау өңiрiне «Agrotravel_kz» туристiк компаниясы бастаған туристердiң алғашқы ұйымдастырылған тобы келдi. Барлығы келген туристердiң саны 40 адам. Келген топ Кузахметовтардың қонақжай үйiне жайғастырылды. Барлық туристер Имантау тауының басына шығып әсем табиғаттың көрiнiсiне бөлендi. Қарағайлы орманның емдiк ауасымен тыныстады. Кейiннен Имантау көлiндегi аралға көк мұздың үстiмен жаяу барып, аралда от жағып тағам әзiрлендi, яғни кiшiгiрiм туристiк пикниктiң өзi болды. Өлең айтылып, ойын ойнаталып уақыт қызықты өткiзiлдi. Қонақжай үйде кешкi уақытта балаларға Жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды: Аяз ата мен Ақша қар қонаққа келiп сыйлықтар табыс еттi.

Ауыл тұрғындары кафе iшiнде жәрмеңке ұйымдастырды. Онда сүт өнiмдерi, үйрек, қаз еттерi, кондитерлiк өнiмдер ұсынылып, келген туристер өнiмдердi сатып алды. Омарташы Омаров Iлиястан 40 кг бал сатып алынды

Имантау ауылын аралап қояндарды тамашалап, ат шанамен жүрiп, мұзды төбеден сырғанап балалық шақты еске түсiрдi.

Алғашқы туристiк топтың ауа райының суығына қарамастан демалыстарының қызықты өтулерiне ауыл тұрғындарына ризашылығын айтты.

Ауыл және агротуризмдi бiздiң аймақта дамытудың қолайлы жағдайлары бар, соған барлығымыз ат салысайық!

21.12.2020
Қаралым саны: 207
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі