Алғашқы туристiк слет

Жастар жылы аясында Солтүстiк Қазақстан облысының 19 техникалық және кәсiби бiлiм беретiн колледждары оқушыларының арасында 27-28 мамыр күндерi «Ұлы даланың жетi қыры» атты тақырыпта «Чайка» балаларды сауықтыру лагерiнде алғашқы облыстық туристiк слет өттi.

Екi күнге созылған оқушылар арасындағы сайыста өздерiн таныстыру, туристiк соқпақтан өту, туристiк палатка құру, от жағу, арқан байлау, туристiк рюкзак жинау және кешкiлiк туристiк тағам дайындау деген сияқты қызықты әрi қиын тапсырмаларды орындады. Бұл сайыстардың барлығын «тура биде туған жоқ» дегендей қатал қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы төрелегiн айтқанмен, бұл екi күндiк сайыста жеңген де, жеңiлген де болған жоқ. Барлығы табиғат аясында, майлы қарағайдың таза ауасын жұтып, жақсы көңiл-күймен қимастықпен тарасты. Әрине, бұндай ауқымды iс-шара дәстүрлi түрде жыл сайын өткiзiлiп тұратын болды.

Туристiк слет облыстық бiлiм басқармасының, Саумалкөл агротехникалық колледжiнiң, Лобаново ауылшаруашылық колледжi және Айыртау ауданының туризм бөлiмiнiң қолдауымен ұйымдастырылды.

Алғашқы туристiк слет Алғашқы туристiк слет

29.10.2019
Қаралым саны: 482
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі