Елiмiзде туризмдi дамыту — мемлекеттiк саясаттың басым бағыты. Туризмдi дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып бiрқатар әлеуметтiк мәселелердi шешуге болатыны да белгiлi.
29 тамыз күнi Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi қарсаныңда Айыртау ауданының әкiмi Дархан Әмрин Имантау көлiнiң жағалауында орналасқан «Тихая заводь» демалыс базасында болды.
Өткен 2019 жылы салына бастаған демалыс базасында қaзipri уақытта 8 классикалык, 4 купол тәрiздiүйлер жене 4 киiз үй бой көтерген құрылыс қарқынымен танысқан аудан басшысы ең алдымен жаңадан салынған моншаны, себезгi бөлмелерiн және үй құрылыстарын аралап көрiп, оң бағасын бердi.
Демалыс базасының басшысы Ермек Шараповтың айтуы бойынша қазiргi уакытта демалыс базасында орналасқан жатын үйлерiне толығымен ыдыс-аяқтар, жиһаздар, газ қондырғылары жеткiзiлiп орнатылған. Бүгiнгi күнi демалушылар да баршылық. Солардың бipi Қазақстанның қоян-қолтық ұрыстың бас жаттықтырушысы, бокстан халықаралық дәрежеден спорт шеберi ақмолалық Мереке Жүсiпов осы «Тихая заводь» демалыс базасына биылғы жаз маусымында отбасымен жолдастарымен төртiншi рет келiп демалуда. Оның айтуынша осы Имантау көлiнiң жағасындаы демалыс орнының ұнайтынын атап өттi.
Содан кейiн Дархан Өмiрсерiкұлы «Адель» демалыс базасының екiншi бөлiгiнiң салтанатты ашылу шарасына қатысып, демалушы, Қазақстан мұсылмандар дiни басқармасын 15 жыл басқарған Әбсаттар қажы Дербiсәлiмен бipгe дема¬лыс орнының лентасын кестi. Демалыс базасының иесi Сәуле Адамова жатын орындар мен демалыс аумағын аралатып көрсеттi.
Осы күнi түстен кейiн аудан басшысы Арықбалык ауылына арнайы ат басын бұрып, Айыртау ауданының Құрметтi азаматы, ардагер Анатолий Мигальдi «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерекелiк медалiмен марапаттап құттықтады.
Анатолий Игнатьевич елiмiз Тәуелсiздiк алған жылдардан кейiн де бұрынғы Арықбалык ауданының әкiмi, одан кейiн ауданымызға қарасты Арықбалық ауылдық округiнiң әкiмi лауазымдарын абыроймен атқарып, зейнеткерлiкке шықса да, ауылдық округтiң ардагерлер кеңесiн басқарып, округтiң дамуына сүбелi үлес қосып жүрген мемлекет қайраткерi.
Сапар соңында аудан әкiмi Дархан Әмрин Арықбалық ауылында «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттiк бағдарламасы аркылы жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың барысымен танысып, олардың сапалы орындалуы жөнiнде нақты мiндеттемелердi анықтап бepдi.
Б. Кенжебайұлы
Қаралым саны: 280