«Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi

2019 жылдың 09-19 шiлде аралығында «Олимпиец» сауықтыру-қалпына келтiру орталығының базасында «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi. Аталған iс-шараның бастамашысы «Imantau Marine Club» желкендi клубының жетекшiсi Омаров Жанат Маратұлы. Қонақ ретiнде халықаралық желкендi спорттың жаттықтырушы-нұсқаушысы Жангазов Руслан — Қапшағай желкендi клубының мүшесi шақырылды. Маусым айында 8 студент оқудан өттi. Студенттермен желкендi кеменi басқару теориясын жүргiзiп, содан кейiн тәжiрибелiк сабақтарға Айыртаучик көлiнде өткiзуге көштi.

Практикалық сабақтар ауа райы жағдайына байланысты өткiзiлдi. Кешке «Олимпиец» ОО демалушы спортшыларымен бiрге ойын-сауық iс-шаралары, би кештерi ұйымдастырылды. Демалушылар үшiн АОО көрсетiлiм өткiзiлдi. Маусым аяқталған соң барлық студенттер «Imantau Marine Club» желкендi клубының мүшелерi болып, фирмалық футболкалар мен кепка сыйға тартылды. Студенттер парусникте сырғанауды және басқаруды үйренгендерiне өте қуанышты және келесi жылы оқуды қайталағысы келетiндерiн атйып өттi. 1-шi маусымның нәтижесi — желкендi спортты үйренгiсi келетiндер саны көп. Жанат Маратұлы тамыздың басында 2-шi ауысымды өткiзудi жоспарлап отыр.

Жанат Маратұлының оқушылары 20-21 шiлде 2019 жылы Бурабайдағы желкендi Регатада «Оптимист» олимпиадалық сынып қайығында өнер көрсетiп, жүлделi 2 және 3 орындарға ие болды. Қазiргi уақытта осы жылдың қыркүйек айында «Огни Капшагай» балалар желкендi регатасында өнер көрсетуге дайындалуда.

«Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi «Яхтинг, өмiр стилi» атты 1 студенттiк желкендi ауысым өткiзiлдi

 

02.08.2019
Қаралым саны: 400
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі