Қазақстанның БҰҰДБ сараптау комиссиясының жұмыс сапары

Қазақстанның БҰҰДБ сараптау комиссиясының жұмыс сапары

Қыркүйек айында бiздiң ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстанның БҰҰДБ сараптау комиссиясы келдi.

БҰҰ даму Бағдарламасы-бұл мемлекеттерге жалпы даму саласына өтеусiз және саяси емес көмек көрсету жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жаһандық желiсi. БҰҰДБ 117 елдi-мекенде, соның iшiнде Қазақстанда да жұмыс iстейдi. Бiздiң мемлекеттегi БҰҰДБ жұмысының негiзгi аспектiсi-Қазақстанның 2024 жылға дейiнгi Тұрақты даму тұжырымдамасын енгiзу, қоршаған ортаны қорғау мен қорғауды жақсарту және жер-су ресурстарын пайдалану бойынша инновациялық тәжiрибенi тарату бойынша қолдау көрсету болып табылады. Жұмыс тобының сарапшылары өз сөздерiнде агроөнеркәсiптiк кешен, соның iшiнде егiстiк, жайылым және шабындық жерлердi ұтымды пайдалану, жем-шөп өндiрiсi, суармалы алқаптарда суару жүйелерiн енгiзу, өсiмдiк шаруашылығы саласында да, мал шаруашылығында да экологиялық таза өнiмдер өндiру мәселелерiн көтердi.

Сарапшылар Қазақстанның туристiк индустриясының дамуын, атап айтқанда Қазақстанның тартымды туристiк аймақтарының ТОП-10-ына енген, Имантау-Шалқар курорттық аймағының перспективалық дамуы қызықтырды. Сараптамалық комиссия мүшелерiн қазiргi таңда тiршiлiк көзi жоқ, емдiк қасиетi мол Саумалкөл көлiн тазалау және сауықтыру мәселесi толғандырды. Жұмыс тобының мүшесi, су ресурстары жөнiндегi сарапшы Дариға Махашева Саумалкөл көлi бойынша материалдарды ұсынсаңыздар, БҰҰДБ бағдарламасына енгiзу үшiн қажеттi көмек көрсетуге дайын екенiн жеткiздi.

Көнекөз қариялармен әңгiмелесiп, Саумалкөл көлi бойынша ақпарат жинап, өзiмiздiң оқырмандарымызбен бөлiсудi жөн санадық.

Саумалкөл тұзды көлi Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл селосының жанында орналасқан. Көлдiң жалпы аумағы 24,3 шаршы метрдi құрайды, ұзындығы 8 км, енi 4 км, орташа тереңдiгi-5 метр.

Ертеде Саумалкөл көлi аты затына сай, жаңа ғана сауылған бие сүтiндей таза, мөлдiр, тұнық, жағалауға келiп соғылған толқындары ақ көбiк шашып, алуан түрлi балықтардың мекендейтiн жайлы мекенi едi. Ұлы Отан Соғысы жылдары, соғыстан кейiнгi ауыр жылдары ең негiзгi азық көзi болып, төңiректегi елдi- мекендердiң тұрғындарын аман алып қалған осы көл едi.

Тың және тыңайған жерлердi игеру жылдары, шамамен 1956 жылы бұрын — соңды болмаған мол астық орып, қоймаға құйды. Тек элеватор iстен шығып, ылғалды астықты кептiруге үлгере алмағандықтан, астық қызып, жануына әкеп соқты. Бүлiнген астықты Саумалкөл көлiне төгу керек деп шешiм қабылданып, бар астық көлге төгiлдi. Соның салдарынан, бар балық уланып, бұлақ көздерiнiң жабылуына әкеп соқты. Сонымен қатар, агроөнеркәсiп кешенiнiң қарқынды дамуы, жаһандық құрылыстың басталуы, автомобиль және темiр жолдарының салынуы көлге әкелiп құятын табиғи ағынының жабылуына әкелiп соқты. Егер 1980 жылдарға дейiн азын-аулақ балық ауланып, халық өз игiлiгiне жаратып жатса, одан кейiнгi кезеңде, балықтар мүлдем құрып, шомылуға да жарамсыз болып, көлiмiз тiршiлiк көзi жоқ, өлi көлге айналды. Алайда, осы күнге дейiн, жағалаудағы тұзды саз балшықтарда емдiк қасиетi болғандықтан, жинап алып қолданып жатады.

Қазiргi уақытта, 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туристiк саласын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы дайындалып, ТОП-10 туристiк аймақ белгiлендi. Ондықтың iшiне Имантау- Шалқар курорттық аймағы да кiрiп, бағдарлама дайындалды. Бағдарламада 56 iс-шара қарастырылып, оған 24 млрд. теңге бөлу көзделуде. Соның iшiнде Саумалкөл көлiн тазалау және санациялау жұмыстарын жүргiзуге 1,0 млрд теңге қарастыру жоспарда бар. Жоспарланған iс-шараларды ойдағыдай жүргiзер болсақ, аудан орталығының жанында, республикалық және облыстық деңгейдегi жолдар торабына жақын орналасқан Саумалкөл көлiне инвесторларды тартып, демалыс орталықтары мен шипажайлар салып, туристiк саласының әлеуетiн арттыруға зор мүмкiшiлiк ашылар едi.

31.10.2019
Қаралым саны: 480
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі