Радиациялық фон қалыпты

9 қыркүйекте бiздiң ауданда Солтүстiк Қазақстан облысының экология департаментi ұйымдастырған баспасөз турының өкiлдерi болды. Ауданымыздың уран кенiштерiне сапар барысында облыс экология департаментiнiң мамандары мен телеарналар, жаңалықтар сайттарының журналистерiн Айыртау ауданы әкiмiнiң орынбасары Едрес Жаңапин, «Айыртау ауданының кәсiпкерлiк және туризм бөлiмi» КММ басшысы Аманбек Махметов сүйемелдедi. Бұрын уран өндiрiлген ауданымыздағы ең үлкен кенiштердiң бiрi — «Грачевское» кең орны. Оның ауданы — 65 гектар. 1998 жылы кенiштiң қызметi толығымен тоқтатылды. Кейiн «Уранликвид» РМК құрылды, ол кенiштердiң аумағын қорғаумен, кенiштердi консервациялаумен айналысты. 2011 жылы кәсiпорын жойылды. Уақыт өте келе қоршаулардың, ғимараттардың бiр бөлiгi қирады. Адамдар осы аумақтан металл, құрылыс материалдарын алып кеттi. Қазiр бұл ғимараттардың орнында қирандылар бар. 9 қыркүйекте экология департаментiнiң мамандары жасаған өлшеулер радиациялық фонды норма шегiнде көрсеттi.

Бiздiң аудан әкiмдiгi 2018 жылдан бастап жұмыс iстемейтiн кенiштердiң объектiлерi мен аумағында құқықтар мен ауыртпалықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргiздi. Ауданы 1,98 га. 4 учаскеде меншiк иелерi бар. Жалпы ауданы 60,5 га. бұрынғы «Грачевский» уран кен орнының және жалпы ауданы 17,0 га бұрынғы «Косачиное» уран кен орнының қалған учаскелерi иесiз мүлiк ретiнде есепке алынды. Ендi сот арқылы бұл мүлiк ауданның коммуналдық меншiгiне берiлетiн болады.

9 қыркүйекте өткен аудандық мәслихаттың 45-сессиясында 2020-2022 жылдарға арналған Айыртау ауданының бюджетiне өзгерiстер қабылданды, онда 14 ғимаратқа және бұрынғы кенiштердiң аумағына құқық белгiлейтiн құжаттарды кейiннен ресiмдеу үшiн 1 млн. 450 мың теңге қаражат бөлу көзделген. Содан кейiн, әзiрленген жоспарға сәйкес, осы аумақтардағы жұмыстың келесi кезеңi басталады: қоршау мен тиiстi белгiлердi орнату, ғимараттардың қалдықтарын бұзу және аумақты қалпына келтiру. Жұмыс жылдам емес және айтарлықтай қаражат қажет. Бiрақ қазiргi уақытта бiз үшiн бұл аумақтардың радиациялық фоны қалыпты екендiгi маңызды.

И. Бурковская
«Айыртау таңы»

10.09.2020
Қаралым саны: 251
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі