Ауданда агро және ауылдық туризмді дамытамыз

16 қыркүйекте Имантау ауылдық округi әкiмдiгiнiң ғимаратында агро және ауылдық туризм қауымдастығының өкiлдерiмен кездесу өткiзiлдi, олар бiздiң ауданға «ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы өңiрлерiнiң туристiк әлеуетiн дамыту» миссиясымен келдi.

Бұл кездесудiң мақсаты: «Қазақстан Республикасының өңiрлерiнде агро және ауылдық туризмнiң әлеуетi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, ауылдық қонақжайлық мәдениетiн және өңiрлердегi туристердiң жүрiс-тұрыс этикасын дамытуды қалыптастыру, ауылдық жерлерге туристiк ағынды ұлғайту, агро-ауылдық туризмнiң даму деңгейi мен сапа деңгейiн институционализациялау деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының агро және ауылдық туризмiн халықаралық деңгейде iлгерiлету».

Имантау-Шалқар курорттық аймағының ауылдық жерде орналасуы бiздiң ауданда туризмнiң осы түрiн дамытуға зор мүмкiндiк бередi. Айыртау ауданының әсем табиғаты мен бай өлкесiн ескере отырса, ауыл тұрғындарына бизнестi дамыту және өзiн-өзi жұмыспен қамту үшiн үлкен перспективалар ұсынылмақ.

17.09.2020
Қаралым саны: 252
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі