ТЖ қызметі: «Судағы қауіпсіздік»

Құрметтi Айыртау ауданының тұрғындары мен қонақтары! Айыртау ауданының Төтенше жағдайлар бөлiмi суға шомылу маусымының басынан бастап халыққа судағы қауiпсiздiк шараларын жеткiзу бойынша алдын алу iс-шараларын жүргiзуде. Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң және өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi жергiлiктi полиция қызметiмен бiрлесiп, бұқаралық демалыс орындарында 28 патрульдеу және рейдтер жүргiздi, онда «Судағы қауiпсiздiк ережелерi» талаптарының 46 бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда, белгiленбеген орындарда шомылу. Осы бұзушылықтар бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң 364-бабы бойынша 46 әкiмшiлiк материал жасалды. Рейдтiк iс-шараларды өткiзу кезiнде демалушыларға 2 мыңнан астам жадынама табыс етiлдi, бұқаралық ақпарат құралдарында 23 мақала жарияланды.

Алайда суға шомылу маусымы басталғаннан берi бiздiң ауданның су айдындарында суға шомылуға рұқсат етiлмеген жерлерде 4 адам суға кеттi (Нижний-Бұрлық ауылының жанындағы су айдынында, Кiшi Қоскөл көлiнде, Гусаковка ауылының жанындағы Бабық-Бұрлық өзенiнде, Сарыбұлақ ауылының жанындағы су айдынында).

Мұндай фактiлерге жол бермеу мақсатында ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- суға кiруге және алкогольдiк және есiрткiлiк масаң күйде шомылуға;

- суға ересектердiң ертiп жүруiнсiз балалардың кiруiне;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзу;

- тексерiлмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзу шекарасын белгiлейтiн буйктерден тыс жүзу;

- «Суға шомылу жабық» белгiлерi орнатылған жерлерде шомылуға.

Балалардың шағын көлемдi кемелермен сырғанау кезiнде рұқсат етiлмейдi:

1) Кеменi белгiленген нормадан артық қайта тиеуге;

2) 7 жасқа дейiнгi балаларға сырғанау;

3) кемеден суға секiру;

4) жеке құтқару құралдарынсыз сырғанауға.

Е. Ғазизов
Айыртау ауданының ТЖБ бас маманы

13.08.2020
Қаралым саны: 216
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі