Жер төресі, жыр еркесі

Еліміздің мемлекет болып қалыптасуына елеулі үлес қосқан туған жерді қасық қаны қалғанша қорғаған көптеген батырлар мен көрнекті тұлғалардың Отаны - Айыртау ауданы. Қазіргі мұнда өткен ғасырлардан сыр шертер мемориалдық кешендер және музейлер жетерлік. 2019 жылы Айыртау жерінің кернекті жерлеріне баспасөз туры өткізілген болса, осы жылдың 5 тамыз күні өңірлік «МТРК», «Qazaqstan» каналы мен аудандық бұқаралық аппарат құралдарына арнап баспасөз туры өткізілді. Өткен турды еске түсіріп отсек .

Алғашқы болып Саумалкөл ауылында 2019 жылдан бері істеп келе жатқан «Тезис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бардық. «Тезис» ет өңдеу цехы Көкшетау қаласындағы «Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосымша бөлімшесі болып табылады. Алғашында серіктестік ет өңдеу жүмыстарымен айналысқан. «Етті сүйегінен арылтып, өнімді Көкшетау қаласына жібереміз. Ал еттің өзі бізге Нұр-сұлтан, Қостанай, Қарағанды қалаларынан жеткізіледі.

Біз барған уақытта 8 адам консерві жабу қызметін атқарып жатты. Бір банканың салмағы 340 грамм. Бос қалбырлар Қарағанды қаласынан алынады. Жалпы пісіретін пешке бір салынғанда 600 банка сыйса, бір күнде 1200 банка консерві дайындалады. Консерві пісіру уақытына тоқталсақ, 4 сағатты құрайды: 1,5 сағат суы қайнап, 1,5 сағатта суы салқындап, 40 минут банкалар суытылады. Қалған уақыты консервіні пешке салуға, алып шығуға жұмсалады екен.

Жер төресі, жыр еркесі

Осы уақытта цех директоры Артем Тен де бізге қосылды. Артем Владимировичтың айтуынша цех тек ет пен консерві жабумен тана айналысып қалмай, алдағы уақытта ірімшік жасаумен айналысуды жоспарлауда. Тек жоспарлап қоймай, іске кірісіп те кеткен.

«Өндірістің ең жоғары жоспарланған көлемі – тәулігіне 10 тонна ірімшік. Бастапқы кезеңде 3-4 тонна ірімшік өндірілмек. Бұл еуропалық технология бойынша жасалатын табиғи ірімшіктер болады. Жалпы, біз Италия, Болгария және Ресей тәжірибесіне негізделеміз. Зерттеу жұмыстары жүргізілді»- деп, Артем Владимирович кәсіпорынның даму жоспарларымен бөлісті.

Түске таман егістік алқабына жол тарттық. Бүгінде теріскей өлкесінің даласына егілген ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау науқанына орақ алғашқы болып «Саумалкөл Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқабына түсті.

Каменный Брод ауылында орналасқан «Саумалкол Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қайрат Рахымжанов есімді азамат. Біз барған уақытта арпаны комбайнмен құлатып, екі-үш күңде кепкен соң жинауга кіріспек. Биылғы жылдың ауа-райы «Саумалкөл Агро» серіктестігі үшін қолайлы болды. Жер ерте кеуіп, жауын-шашынның да жеткілікті жауып, күннің ыстығы егістік алқабының жақсы көтерілуіне септігін тигізген. Соған қарағанда егін алқабының біреуінен гектарынан 30 центнер кутілуде.

«Көктемде 7 мамырда арпа егілді. Жалпы дәнді және майлы дақылдар 20 мың га алаңда орналасқан, оның ішінде: 12 мың га – жаздық бидай, 4 мың га – арпа, қалғаны – зытыр. Бүгінде ЖІІІС-де 230 адам жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда жалақы бір жарым-екі есеге өсті»,-деді Қайрат Болатұлы.

Жер төресі, жыр еркесі

Жалпы аудан бойынша орақ науқанына дайындық жөнінде ау­дан басшысы Дархан Әмрин былай деді: «Биылғы жылы егін жинау алаңы 374,3 мың га құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар - 269,1 мың га, майлы дақылдар - 60,0 мың га, азықтық дақылдар - 41,5 мың га, оның ішінде бір жылдық шөптер -14,9 мың га, көпжылдық шөптер -1,5 мың га, өткен жылдардағы көпжылдық шөптер - 25,1 мың га, картоп - 3,1 мың га, көкөністер - 0,55 мың га болған. Астық жинау жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отыны бойынша «Petro Retail» ЖШС операторлары литріне 168 теңгедең, «Даймон Север» ЖШС литріне 165 теңгеден, «Trans Petroleum LTD» ЖШС литріне 170 теңгеден таңдалды. Жалпы сыйымдылығы 210,7 мың тонна болатын 5 элеватор бар. 25 - астық кептіргіштер бар, оның ішінде 11 элеваторларда, 14 аудан шаруашылықтарында («Новосветловка ТМ» ЖШС, «Саумалкөл Агро» ЖШС, «North Grain» ЖШС, «Агроком - Мәдениет» ЖШС, «Баянтай» ЖШС, «Shalkar Grain» ЖШС, «Бабык Борлық фирма» ЖШС, «Константиновка 2004» ЖШС, «Жарқын СК» ЖШС, «Имантау земля и птица» ЖШС, «Магзум» ШҚ) жарамдысы 32, дайындыгы 99%, жал­пы тәуліктік өнімділігі бар 10,4 мың тонна астықты құрайды. Күзден ба­стап күздік дақылдар 1196 га құрады, оның ішінде 1106 га күздік бидай, 90 га күздік қара бидай. Бүгінгі күні күздік егін жинау алаңы 517 га құрады, оның ішінде күздік бидай 465 га, күздік қара бидай 90 га, 43% жиналды, бидай 14,7 ц/га, қара бидай 12,5 ц/га құрап отыр»,-деді.

Түс ауа бұрынғы Арықбалық ауданының орталығы болған Арықбалық ауылына жол түсті. Қазіргі таңда бұл ауылды «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы бірқатар істің басы қайырылып жатыр. Кеңес дәуірінен бері келе жатқан тас жолдардың тозығы жеткен. Аталмыш бағдарлама бойынша ауылдың бірнеше көшелері жөндеуден өткізілді. Жолдың қалыңдығы 10 см. Барлық стандарттарға сәйкес, екі қабат құйылған. Ені де жіңішке емес. Ендігі кезекте жолдан кішкентай жолдарға бұрылыстар мен қатар көшелерге жарық орнату жұмыстары да жүргізіліп бітті. 63 қуатты аз пайдаланатын үнемді шамдар орнатылған. Тағы осы бағдарлама бойынша аталмыш ауылдың көшелеріне евро шарбақтар да орнатылып жатыр. Бұл шарбақтардың 2 жылдық кепілі бар, және 5-10 жыл ауыстырусыз қолдануға жарайды, ең бастысы заманауи үлгіде, үнемді, әрі әдемі. Ауылдың шетіне қарай 10 үйдің құрылысы басталып кеткен. Бұл үйлерге бағдарлама бойынша 31 жоба іске асырылады деген жоспар құрдық. Құны 1 млрд 400 млн теңге. Балаларға арналған 8 ойын-сауық алаңдарын саламыз. Соның бірі осы Арықбалық ауылында салынбақшы»,- деді аудан басшысы Дархан Өмірсерікұлы.

Жер төресі, жыр еркесі

Арықбалық, Имантау, Шалқар ауылдарының аумағында тек қана туристтік бизнес дамымаған. Ауылшаруашылығы да дамып келе жатыр. Сондай шауашылықтардың бірі «Арна» фермерлік шаруашылығы 300 бас сауын сиырға арналған тауарлы-сүт фермасы салынып жа­тыр.

«Қазіргі таңда бетондық жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы сыйымдылығы 300 басты құрайды. Сауынды жерлерде 16 сиыр бірден сауылады. Бұған жалпы 6-7 минут кетеді. Сауатын уақыт келгенде арнайы дыбыс шығарылып, сиырлар өздері сауындыққа кіретін болады. Сондай-ақ әр сиырдың мойнында арнайы құрылғы болады. Сол құрылғы арқылы компьютермен арнайы маман сиырдың жағдайын, сүттің күндік нормасын, бұзаулайтын уақытын қадағалап отырады. Бұрынғыдай ондаған адам емес, шамамен 6-7 адам ғана қызмет етеді. Себебі, бұл ферма толығымен автоматтандырылған. Қидың өзін автомат сиырып отырып арнайы үңгірге салады. Ал үңгірден жылжып отырып арбаға салынып, төгетін орнына жіберіледі. Ферманы қыркүйек айында іске қосып, қатарынан дәл осындай тағы ферма салу жоспарланып отыр»,- деді «Milk Project» зауытының өкілі Ілияс Алтайбеков нысанның салыну барысы туралы.

Жер төресі, жыр еркесі

Жалпы шаруашылықта 900-ден астам ірі қара мал бар, оның 500-ге жуығы - сауын сиырлар, қой -184 бас, жылқы - 173, шошқа - 167 бас бар.

Айыртау ауданының көркем табиғаты Шалқар, Имантау көлдерінің таулы алқаптары мен су акваторияларынан тұратыны бәрімізге мәлім. 2018 жылы ауданымыздың курорттық аймағы Республикалық маңызы бар ТОП-10 басым жобаға және 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген болатын. Былтырдан бері Имантау көлінің жағалауында «Тихая заводь» демалыс орыны жұмыс жасап келеді. Біз де баспасөз туры аясында аталмыш демалыс орнына барып қайттық. Бұл жерге келсең «Ауасы дертке дауа, жұпар иісті, көкірек қанша жұтса, тоясың ба?» деген өлең жолдары еріксіз еске оралады. Имантау көлін жағалай орналасқан тау, тауды бауырлай өскен қарағайлы орман. Орманның ортасында киіз үйлер мен киіз үй тектес демалыс үйлері орналасқан. Біз барған уақытта бір де үй бос емес. Барлығында алыс-жақын қалалардан келген демалушылар. «Бұл - менің жұбайымның идеясы. Барлық үйлердің жобасын өзі жасады. Үйлер 4 адамға арналған. Алдында беседкасы бар. Барлық үйлер, тоңазытқыш, газ, ыдыс- аяқпен қамтылған»,-дейді Айнұр Әділханқызы. Жалпы бұл демалыс орнын Ермек Шарапов пен Айнұр Әділханқызы басқарып отыр.

Жер төресі, жыр еркесі

Киіз үйлерді Алматыдан арнайы жасатып, жерден биіктеу етіп орнатқан, ішін қазақи стильде, ешқандай жиһазсыз, кигіз, төр көрпелермен жинақтаған. Осындай киіз үйлердің біреуін мекендеген Еркінбек Оқас пен Айнұр Жәкейқызымен сөйлескен болатынбыз. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары отбасын алып, қаланың у-шуынаң, оның үстіне пандемия жүріп жатқан кезде табиғаттың ортасына барып демалуды ұйғарады. Көп жылдардан бері, Алматының Шарын, Көлсай, Көкшетаудың Бурабайын демалып келіп, осы жылы теріскейді таңдауды жөн көреді. Имантаудың несі ұнап жатыр деген сұрағымызға отағасы Еркінбек Оқас: -табиғатының ерекшелігі, көлі ұнап жатыр. Басында бір апта демаламыз деп ойлап едік. Сосын үш күнге, кейін тағы бір аптаға создық. Келген кезде демалыс үйлерінде орын бос болмағандықтан екі күнге киіз үйді жалдай тұруымызды өтінді. Екі күннен кейін өзіміз де киіз үйден кеткіміз келмей қалды»,-дейді. «Талай ауруға ем болатын қарағайлы орман, суы мөлдір көл мен тынысыңды ашатын таза ауа. Солтүстіктің інжу моншағы саналатын Имантаудың жағасындағы демалысты Мысыр, Түркия мен Араб әмірлігіндегі курорттармен салыстыруға да келмейді»,- дейді Айнұр Жәкейқызы. Қарағайлы өлкеде өткізген әрбір сәт - ерекше дейді жанұя мүшелері. Отбасылық демалыстың аяқталуына әлі бірнеше күн бар. Алайда, елордалықтар келесі жылы да Имантауға оралуға асық. «Тихая Заводь» базасы 2019-шы жылдан бері туристерді қабылдауда. Өткен жылы табиғат аясында тыныққан жандар биыл да суға шомылып, таза ауамен тыныстауға қайта келіп жатқан көрінеді.

Қарағайлы орманның ортасында, Имантау көлінің жағасында бой көтеріп жатқан тағы бір демалыс орны бар. Ол - «Қазығұрт» демалыс орны туристерді биылдан бастап қабылдауда. Әзірге мұнда тек бір баспана түр. Екі қабатты коттедж табиғат аясындағы демалысқа қажет барлық керек-жарақпен қамтылған. Ac үй, екі бөлме мен терасса да бар. 10 адамға арналған үйлердің мұнда тағы 9-ын салу жоспарлануда. Бүгінде Айыртау ауданы бойынша 40 турбаза жұмыс істейді. Жақын арада демалыс орындарының саны үшеуге толықпақ.

Жер төресі, жыр еркесі

Осылайша, әсем көлдің жағасында баспасөз турымызды аяқтап, Имантау көлінің жағасынан қимастықпен үйге оралдық.

Әйгерім Жаңбырбайқызы

20.08.2020
Қаралым саны: 223
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі