Солтүстікқазақстандықтар үшін уран кеніштері қауіпті

СҚО экология департаментi облыстың уран кенiштерi бойынша баспасөз турын өткiздi.

Солтүстікқазақстандықтар үшін уран кеніштері қауіпті

Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында 6 уран кен орны бар, оның 3-i Айыртау және соншасы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда.

Айыртау ауданындағы Грачев кенiшi өз уақытында iрi кен орындарының бiрi болып саналды. 1965 жылдан бастап мұнда уран өндiрiлдi. 1998 жылы кенiш жұмысын тоқтатты және оны консервациялады. Қазiр тау-кен кәсiпорынның орнында тек қирандылар бар, қоршаулар мен ескерту белгiлерi жоқ. Дегенмен, жұмыс жасамаған жылдарында кенiш өзiнiң қауiптi қасиеттерiн жоғалтқан жоқ. 2015 жылы радиация деңгейi нормадан 5 есе жоғары болды, бүгiнде ол қалыпты шекте.

- Айта кету керек, кенiштер жабылғаннан кейiн тұрғындар қоршауларды алып, құрылыстар мен ғимараттар жартылай қиратылып, коммуникациялық желiлер де шығарылды, — дейдi СҚО бойынша экология департаментiнiң басшысы Ерболат Омаров. Қазiргi уақытта қоршауларды, белгiлердi қалпына келтiрудi талап ететiн жағдай қалыптасты.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентiнiң төрағалығымен СҚО-дағы жағдай туралы мәселе қаралды, онда энергетика министрлiгi СҚО әкiмдiгiне қоршауды қалпына келтiру, осы кен орындарына қорғаныс бетiн қою бойынша алғашқы қажеттi шараларды қабылдауды ұсынды. Премьер — Министрдiң хаттамалық тапсырмасы болды, ол бойынша 11 тармақтан тұратын iс-шаралар жоспары қабылданды.

Аудандық әкiмдiктер бұл аумақта жұмыс жүргiзе алмайтыны белгiлi болды, өйткенi кенiштердiң заңды тиесiлiгi жоқ және iс жүзiнде иесiз болып табылады.

- Жер бойынша сотқа берiлдi және ол иесiз деп танылды. Ендi ол ауылдық округке ресiмделетiн болады. Осы аумақтарда орналасқан үй-жайлар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Бұл мәселе бойынша сотқа қазан айында берiледi, — деп түсiндiрдi Айыртау ауданы әкiмiнiң орынбасары Едрес Жаңапин. Үлкен қаражат қажет. Қоршаулар бiр, сонымен қатар мұнда орналасқан бiрқатар нысандар (14) бар. Мемлекеттiк актiнi әзiрлеу үшiн шамамен 3 миллион қажет. Бiз мұндай ақшаны табамыз. Ал қоршау орнату, нысанды бұзу және болашақта оны ұстау үшiн қаражат жеткiлiксiз. Облыс оған қаражат бөлмейдi, жергiлiктi бюджеттiң мүмкiндiгi жоқ.

Екi ауданда да жұмыстар iшiнара орындалды. Оларды осы жылдың желтоқсан айында аяқтау керек, бiрақ осы жұмыстардың орындалу мерзiмi бiр жыл бұрын болған едi.

Нина Шерстова
7152.kz тiлшi-журналисты

11.09.2020
Қаралым саны: 163
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі