Айғаным қонысы

Айғаным қонысы

Айғаным қонысы, XIX ғасырдағы архитектуралы ескерткiш, сонымен қатар қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов тұрған және еңбек еткен мемориалдық архитектуралық кешен болып табылады.

Қоныс Сырымбет ауылынан оңтүстiк-шығыс беткейiнен төрт шақырым жерде орналасқан.

«Айғаным» қонысы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысымен Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев, Өзбекстан және Қырғызстан Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты түрде ашылды.

1988 жылы Петербург археологтары және Сырымбет орта мектебiнiң оқушыларының көмегiмен қазба жұмыстары жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде бес үйдiң iргетасы табылды. Қонысқа қонақ үй, медресе, мешiт, монша, шаруашылық құрылыстары және жел диiрмен кiредi.

Бұл жерге қазақтың атақты ақындар, әншiлер, композиторлар Бiржан Сал, Ақан Серi, Көке Әлжанұлы, Құрымбай Қанқожаұлы, Ақын Ажар, Орынбай, Арыстанбай, Жанақ келген.

Жыл сайын мұражай және қонысқа 2 мыңнан астам адам келiп тұрады. Келушiлер арасында мұражай кешенiнiң қонақтары ТМД және алыс шет елдерден де бар.

Облыс орталығы Петропавл қаласынан 280 км. қашықтықта орналасқан Көкшетау қаласынан 120 км. Аудан орталығы — Саумалкөл ауылы. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкi 6-ға дейiн. Демалыс күнi — дүйсенбi.

Байланыстар

Мекен-жайы:
Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы.
КМҚК «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы», «Айғаным» қонысы.
Директор: Құлбаев Уәлихан Қайроллаұлы
Сот. 87057690226
Телефон: 8(715)3353978
E-mail: Sirimbet_museum@mail.ru

04.02.2020
Қаралым саны: 286
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі