Мемлекеттік қолдау шаралары



Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы


СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытына қатысушылар Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болып табылады.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

  1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту:
  2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
  3. Қалалар мен ауылдарда несиеге/микронесиеге кепілдік беру
  4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

  • Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік дағдыларға (топ ішінде практикалық оқыту және жеке кеңес беру) тегін оқытылады, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын 12 айға дейін, ал аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасы мүшелерін 18 ай ішінде алып жүреді.
  • Бағдарламаға қатысушылары оқу ақысын және шәкіртақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.
  • Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі.

Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау

  • Бюджеттiк несиенің нысаналы мақсаты – Бағдарлама шеңберінде бизнес-жобаларға микронесие беру;
  • Микронесие тұтынушылық мақсаттарға, акцизделетін өнімдерді өтеуге, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға берiлмейдi;

Несие/микронесие мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;

  • Микронесиенің/несиенің ең жоғары сомасы:
  • ауылдық елдімекендерде және шағын қалаларда 2,5 мың АЕК (2021 ж. 7292,5 мың теңгеге дейін);
  • зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 АЕК (2021 ж. 23336,0 мың теңгеге дейін);
  • қалаларда 6,5 мың АЕК дейін (2021 ж. 18960,5 мың теңгеге дейін).
  • жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі — 6%-дан аспайды;

Аз қамтамасыз етілген және / немесе көп балалы отбасылар үшін несие беру шарттары:

  • несиелеу мерзімі — 7 жылға дейін.
  • несиенің ең жоғары сомасы — 8,0 мың АЕК дейін (2021 жылы 23336,0 мың теңгеге дейін).
  • жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі — 4%-дан аспайды;

Қалалардағы және ауылдағы несиелерге /микронесиелерге кепілдік беру

Кепілдік қамтамасыз ету жетпеген кезде мемлекеттік кепілдік берілуі мүмкін. Кепілдік тек МҚҰ/КС/ЕДБ берген микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді – «АШҚҚҚ» АҚ, қалаларда – «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.

Кепілдіктердің мөлшері:

  • ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін несие/микронесие сомасынан 85%-дан аспайды;
  • жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін — несие/микронесие сомасының 50%-нан аспайды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесін өтеусіз және қайтарымсыз негізде іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларына беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 АЕК дейінгі көлемде (2021 жылы 583,4 мың теңгеге дейін) беріледі.

Мемлекеттік гранттар қажетті мүкәммал, еңбек құралдарын, техникалық жабдықтарды, жануарлар, мал, құс сатып алуға пайдаланылады.

Петропавл қаласы, 2021 жыл

Мақаланы құрған күні 07.09.2021 10:03

Мақаланы жаңартқан күні 28.11.2022 15:26

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі