Кәсiпкерлiк

202220212020 жылғы мақалалар

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3597531627036673&id=100003396146262&sfnsn=mo

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3597531627036673&id=100003396146262&sfnsn=mo

Өңiрлiк фронт-офис субъектiлерiнiң «бiр терезе» қағидаты бойынша өзара iс-қимыл алгоритмi

  1. Өңiрлiк фронт-офиске жүгiнген инвесторлар инвесторлар үшiн «бiр терезе» ұйымдастыру Ережесiнiң 1-қосымшасына сәйкес толтырылған өтiнiшпен және қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш жолдайды.
  2. Инвестицияларды тарту саласындағы өңiрлiк ұйымның жауапты қызметкерi өтiнiштi тiркейдi, инвестордың құжаттарын қабылдайды, олардың дұрыстығын тексередi, қажет болған жағдайда инвесторға сауалнама-өтiнiмдi толтыру үшiн ұсынады.
  3. Құжаттарды қабылдаған кезде инвесторға қабылданған тиiстi құжаттар туралы Мемлекеттiк қызмет нәтижесiн беру күнi көрсетiлген қолхат берiледi.
  4. Сұрау салудың сипатына қарай инвесторлардың тиiстi түрде толтырылған құжаттарын инвестицияларды тарту саласындағы өңiрлiк ұйым 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде өңiрлiк фронт-офистердiң тиiстi субъектiлерiне және басқа да қызмет көрсетушiлерге жолдайды.
  5. Өңiрлiк фронт-офистер субъектiлерi, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер заңнамада белгiленген мерзiмде инвестордың өтiнiшiн қарайды және инвестицияларды тарту саласындағы өңiрлiк ұйымға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi туралы нақты және толық ақпараты бар жауап бередi. Орындау мерзiмi болмаған жағдайда жауап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде берiледi.
  6. Инвестицияларды тарту саласындағы өңiрлiк ұйымның жауапты қызметкерi фронт-кеңселердiң және басқа да қызмет көрсетушiлердiң тиiстi субъектiлерiнен ақпарат алғаннан кейiн алынған ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады және 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде инвесторға жолдайды.

Өңiрлiк фронт-офис субъектiлерiнiң «бiр терезе» қағидаты бойынша өзара iс-қимыл алгоритмi

«Атамекен» бағдарламасын iске асыру аясында конкурс өткiзу туралы хабарландыру» «Жомарт жүрек» номинациясы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Конкурсты ұйымдастырушылар: Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкiмдiгi.

Мекен жайы: Саумалкөл ауылы Уалиханов көшесi. Пошта индексi: 150100 Саумалкөл ауылы Уалиханова

Электрондық пошта: otd.pred14@mail.ru

Байланыс телефоны: 8-715-3321-6-43. 8-715-3322-9-04.

Байқау пәнi:

Номинацияның атауы Сипаттамасы
1 «Жыл меценаты» Кіші Отанда ірі әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін
2 «Туған өлке» Елді мекендерді абаттандыруға, саябақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалардың ойын алаңдарын қайта жаңартуға және салуға, Денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін
3 «Жыл тұлғасы» Белсенді азаматтық ұстанымы, түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін. (тек жеке тұлғалар үшін)
4 «Жылдың үздік ұйымы» Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді іске асыру, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізу және/немесе қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік ету үшін (тек заңды тұлғалар үшін))
5 «Еренеріктілік» Волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2019 жылғы 01 шiлдеден бастап 01 тамызға дейiн.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттар пакетi

Жеке тұлғалар үшiн:

  1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм;
  2. Қатысушының суретi (3х4 формат JPEG);
  3. Өмiрбаян;
  4. Жеке куәлiктiң көшiрмесi;
  5. жоба, қоғамдық пайдалы, әлеуметтiк маңызы бар қызмет туралы еркiн нысандағы Ақпараттық хабарлама;
  6. қоғамдық пайдалы, әлеуметтiк маңызы бар қызметтi растайтын құжаттардың көшiрмелерi (алғыс хаттар, БАҚ материалдары, объектiлердiң фотосуреттерi, iс-шаралар және т. б.).

Заңды тұлғалар үшiн:

  1. Конкурсқа қатысуға өтiнiм;
  2. Жеке куәлiктiң көшiрмесi;
  3. қоғамдық пайдалы, әлеуметтiк маңызы бар қызмет туралы еркiн нысандағы Ақпараттық хабарлама;
  4. қоғамдық пайдалы, әлеуметтiк маңызы бар қызметтi растайтын құжаттардың көшiрмелерi (алғыс хаттар, БАҚ материалдары, объектiлердiң фотосуреттерi, iс-шаралар және т.б.).

Жоғарыда аталған байқауға қатысуға тiлек бiлдiрушiлердi сұраймыз.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521каб.;

электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz; AAkhmetova@sko.kz

байланыс телефоны: 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23.

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 521 каб.;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2019 жылғы «3» маусымнан бастап 2019 жылғы «21» маусым аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2019 жылғы «3» маусымнан сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2019 жылғы «21» маусым сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары:

Жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде өңдеушi өнеркәсiп салаларында iске асыру үшiн 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның iшiнде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның мiндеттi шарты болып табылады;

«БЖК-2020» Бағдарламаның және/немесе Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың болуы, ескiру мерзiмi 2 (екi) жылдан аспайтын құжаттың көшiрмесi.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі — Бағдарлама) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру, мемлекеттік гранттар беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сияқты мемлекеттік қолдау құралдары бар

Кәсіпкер екінші деңгейдегі банктерге бизнесті дамытуға кредит қаражатына жүгінген кезде, кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда кәсіпкерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы кредитке кепілдік беріледі.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер (жас бастаушы кәсіпкер) үшін несие сомасы 20 млн. теңгеден аспайтын жағдайда 85%-ға дейінгі мөлшерде кепілдік беріледі. Бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер 15%-дан кем емес кепілмен өз қатысуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін несие сомасы 180 млн. теңгеден (қоса алғанда) аспайтын жағдайда 50%-ға дейін кепілдік беріледі. Қалған 50% кепіл, кәсіпкер өз қаражаты есебінен енгізеді.

Кепілдік кредит беру мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі — Бағдарлама) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдау құралдарының бірі жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу болып табылады

2016 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларына сәйкес, өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту – жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жетіспейтін инфрақұрылымын жеткізу болып табылады.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және ИИДМБ-да анықталған көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ жобаларды моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтауға ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу және газ құрылғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталған.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жүзеге асырылады:

  1. жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 млн. теңгеден кем болмауы тиіс;
  2. инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 млн. теңгеден кем болмайды, бұл ретте инфрақұрылым салудың (реконструкциялаудың) барынша көп сомасы 1,8 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Бағдарламаның өлшемшарттарына сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік жобалары құнының/индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобасы құнының 50%-нан аспауы тиіс.

Кәсіпкер кәсіпкерлік және туризм басқармасына мына құжаттарды қоса бере отырып, инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттігі негіздемесін қамтитын Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінішпен жүгінеді:

  1. бизнес-жоспар;
  2. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
  3. жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Петропавл қ., ауданның шағын.

Мақаланы құрған күні 28.04.2020 16:42

Мақаланы жаңартқан күні 09.08.2022 16:06

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovӘділетҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі